Патрик Ленсиони - бірнеше танымал бизнес-романдардың авторы, коуч және тиімді корпоративтік ортаны құруға маманданған консалтинг компанияның президенті. «Топтың бес ақаулығын» бизнес-триллер деп атауға болады - бұл роман корпоративті ортамен бұрын-соңды істес болған әр адам үшін өте әсерлі көрінеді. Ленсиони - күрделі басқару мәселелерін ең қарапайым, бірақ тартымды тілде жеткізудің шебері. «Топтың бес ақаулығын» бір түнде оқып бітіру оңай. Бірақ оқырманның кітаптан алған тағылымы өмір бойына кәдесіне жарайды.